Сайрамдық 17 мұқтаж отбасы баспаналы болды

Фото: None
САЙРАМ. ҚазАқпарат –Сайрам ауданындағы коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимарат биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Нысан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін шешуге сеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 шаршы метрді, ал тұрғын үйдің алаңы – 367,8 шаршы метрді құрайды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған қаржыға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84 млн теңге қаражат жұмсалған. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Астана - Көктем С» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.
Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (отбасы) қамтамасыз етілді. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков солардың ішінен 5 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Жаңа баспана иесі атанған жандар қуанышымен бөлісіп, алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар