«Сайрандағы» будақтаған қою қара түтін жол шетінде өртенген дүңгіршектен шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірген.
«18 наурыз күні 12:06-да Алматы ТЖД «101» пультіне Әуезов ауданы, Төле би көшесіндегі «Сайран» автовокзалының маңында тұтанған өрт туралы хабар түсті. 12:12-де өрт сөндірушілер жетіп барды. 10 шаршы метр ауданға ие киоскі өртенген екен. Жалын 12:15-те ауыздықталып, 12:19-да толықтай сөндірілді. Газ баллоны эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.