Сайттардың адресін енді арабша жазуға болады
08:08, 07 Мамыр 2010
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Интернетте атауларын ағылшын тілінен басқа тілдерде жазуға болатын сайттар пайда болуда. Мұндай мүмкіндікке ие болған елдердің алғашқылары - Мысыр, Сауд Арабстаны және Біріккен Араб Әмірліктері.
Бұған дейін де аталған елдегі тұтынушылар сайттардың аттарын жазған кезде араб әріптерін пайдалана алатын, бірақ елге қатысты доменнің адресі латын ғарпімен жазылатын, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Ал енді домен атауларын да араб тілінде - оңнан солға қарай жазуға болады. Ал жақын арада тағы 21 елде латындық емес домендік атауларды пайдалану мүмкіндігі пайда болады, олардың қатарында Ресей де бар.