Сбербанк басшысы: Қазақстанның Ұлт жоспары стратегиясы әлемнің ең әлеуетті бағдарламасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаның көптеген елдері Қазақстанның 5 институционалды реформаларын орындауға бағытталған «100 нақты қадам» стратегиясынан үлгі алуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында Сбербанк басшысы Герман Греф мәлім етті.

«Сіздер жақында ғана Қазақстан Президенті жариялаған (100 нақты қадам) бағдарламасын оқып үлгердіңіз бе білмеймін. Мен бұл құжатты оқыдым және қатты тәнті болдым», - деді Г.Греф.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама дамыған мемлекетке бастайтын керемет стратегия.

«Қазақстан әлемнің ең әлеуетті бағдарламасымен болашаққа қадам баспақшы. Мен бұл бағдарламаны оқып отырып, Сингапурдың стратегиясын оқып жатқандай әсер алдым. Еуропаның көптеген елдерін Қазақстанның 5 институционалды реформаларын орындауға бағытталған «100 нақты қадам» стратегиясы қызықтырады деп ойлаймын», - деді ол.