Сонымен бірге ол банк басшылығының ипотекалық несиелерді шығынға беру шешімін қабылдағанын айтты.
«Орталық банк мөлшерлемесі 17 пайыз және біз ипотеканы шығынмен несиелейтін боламыз. Біздің кірісіміз бізге осындай мүмкіндік беріп отыр», - деді Златкис.
Өткен дүйсенбіде бір күні ішінде рубль доллар мен еуроға қатысты 10 пайыздан астам құлдырап кеткенде, ОБ директорлар кеңесінің кешкі отырысында 90-шы жылдардың соңынан бастап пайыздық мөлшерлемені 17 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылданды.
Златкис сонымен бірге «Сбербанктің» ипотекалық несиелерді шетелдік валютамен бермей келе жатқанына бірнеше жыл болғанын жеткізді. Бұрынырақта әлдеқайда төмен мөлшерлемелермен көптеген ресейліктер несиені доллар және еуромен алып, жылжымайтын мүлікке ие болған.
«Доллармен ипотека беру - бұл аса қиын мәселе. Бізде доллармен берілетін ипотека жоқ. Біз адамның өзнің қаржылық мүмкіндіктерінің қандай жағдайда екенін өзі де үнемі түсіне бермейтінін бұрыннан білеміз. Сондықтан біз бұрыннан ипотеканы доллармен емес, тек рубльмен береміз», - деді Златкис.