Сібір елігі мен орман сусары фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағы орман тіршілігінің тағы бір қызықты сәтін тіркеді.

Фото: видеодан алынған скрин

Бұл жолы камера объективіне сібір елігі мен орман сусары ілікті. Бірі — орман арасын сақ басып өтетін елік. Екіншісі — ағашты алқаптарды мекендейтін шапшаң әрі епті орман сусары.

«Көкшетау» ұлттық паркінде орман, дала және сулы-батпақты экожүйелердің қатар кездесуі жануарлар дүниесінің алуан түрлі болуына жағдай жасайды.

Бір орман. Екі түрлі тіршілік. Бір фототұзақтың кадры.

Осындай кадрлар ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға және биоалуантүрлілік туралы деректерді толықтыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында фототұзаққа арқарлар түсті.