«SCAT» авиакомпаниясы Ақтөбеге рейстердің кейінге қалдырылғанын хабарлады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «SCAT» авиакомпаниясы көктайғаққа байланысты Ақтөбеге ұшақтардың кешігетінін хабарлады.

«Ақтөбе қаласының ұшу-қону жолағында көктайғақ орын алып, ауа райының құбылуына байланысты бұл бағыт бойынша рейстер жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдырылады. Рейсті кейінге қалдыру жағдайларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Бұл бірінші кезекте, ұшырылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті алдын алу шараларын қабылдауға байланысты», - делінген таратылған хабарламада.