Қытай азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, алғашқы Астана - Санья - Астана DV463/4 әуе рейсі Астана уақытымен кеше түнгі сағат 12:05-де Астанадан ұшып шығып, таңғы 06:30 -да Санья қаласы халқаралық әуежайына қонған.
Айта кетерлігі, Алматы - Санья - Алматы әуе рейсі 15 желтоқсаннан бастап ашылды. Ал рейстер аптасына бір рет. Алматыдан әр сенбіде, ал Астанадан әр сейсенбіде шығады.
Әуе рейстерін орындау Boeing 757-200 әуе кемесіне жүктелген.