«Астанада боран соғып тұр және жол көрінбейді. Бүгін түнгі бірде ұшақ қайтадан Алматыдан ұшады деп жоспарланған. Экипаж ауа райының жақсарғанын күтіп отыр», — деп жауап берді SCAT команиясы агенттік сауалына.
Айта кетейік, Астанада ауа райы күрт бұзылды.
Атап айтқанда, бұрқасын көтеріліп, қар жауып тұр, желдің жылдамдығы 28 м/с жетті.
Осыған байланысты Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауын және абай болу керектігін еске салды.