«Әуе компаниясының атынан бортта болған жолаушыларға қатысты экипаждың кейбір мүшелерінің өрескел қылығы үшін кешірім сұрауға рұқсат етіңіздер», - делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.
Таратылған ақпаратта дау-дамай себеп болған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны, ол аяқталғаннан кейін әкімшілік шара қолданылатындығы айтылған. Сонымен қатар SCAT әкімшілігі ұшақ ішінде ауа баптағышты бірден қоспағандықтары үшін де кешірім сұрады және оның техникалық ақауға байланысты орын алғандығын атап өтті.
«Өкінішке орай, әуе компаниясы ұшағының қосымша күш беретін құрылғысы істен шықты. Бұл рейстің орындалуына кедергі бола алмайды. Бірақ, салондағы ауа баптағыш әуе кемесінің командирі негізгі двигательді оталдырғаннан кейін ғана іске қосылады. Қазіргі уақытта қосымша күш беретін құрылғыға тапсырыс берілді және ол Қазақстанға жеткізілген беттпе ұшаққа орнатылады. Дегенмен, жолаушыларға әсіресе демалыс кезінде қолайсыздық жасамау үшін әуе компаниясының басшылығы қосымша күш беретін құрылғы ауыстырғанға дейін ұшақты кестеден алмау туралы шешім қабылдаған еді», - деді компаниядан.
Естеріңізге сала кетсек, №706 рейсінің жолаушылары мен стюардессалар арасындағы жанжал кондиционерді қоспаудан туындаған еді. Оқиға видеосын ұшақта болған жолаушы әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген еді.