Schlumberger ірі мұнай сервисі компаниясы штатын қысқартады
10:54, 17 Қаңтар 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Schlumberger ірі мұнай сервисі компаниясы тоғыз мың қызметкерін - штатының 7 пайызға жуығын қысқартады, деп хабарлады Утро.ру.
Компанияның мұндай қадамға баруына мұнай бағасының құлдырауы және Schlumberger клиенттері - мұнай компанияларының бұрғылауға бюджеттерді қысқартуы себеп болып отыр.
Өткен жылдың маусым айынан бастап мұнайдың жаһандық бағасы 50 пайыздан астамға құлдырады.