Бурабай аудандық мәслихат депутаттарының қаражатына салынған субұрқақтың құрылысы аяқталып, іске қосылды. Сондай-ақ, аллея абаттандырылып, жарық тартылды және көгалдандырылды. Тұрғындардың демалуы үшін орындықтар орнатылды. Жобаның құны - 5 миллион теңге.
Құрылыс жұмыстарына оң бағасын берген аймақ басшысы осындай демалу орындарының барлық аудандар мен қалаларда болуы қажеттігін ерекше атап өтті.
Осы күні облыс әкімі «Мирас» көпсалалы мектеп гимназиясы мен жаңадан салынып жатқан 75 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына да көңіл бөлді. Тұрғын үйдің құрылысы 859,7 миллион теңгеге бағаланып отыр және биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.