Щучье-Зеренді тасжолында көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола өңірінде Щучье-Зеренді тасжолында және «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Атбасар қаласынан Қажымұқан ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін республикалық маңыздағы автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жаздық.