Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының спорт базасында Қазақстан, Моңғолия және Қырғызстаннан 100-ге жуық жасөспірімдер мен жастар бас қосады.
Айта кетсек, «ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP» өткізілуінің басты мақсаттарының бірі - 2023 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалу. Біздің одағымыз отандық биатлон тарихында алғаш рет ауқымды халықаралық жарысқа өтінімді жеңіп алды. Соған орай, Халықаралық Биатлоншылар Одағы (IBU) тарапынан арнайы төрешілер семинары мен емтихан өткізіліп, оның қорытындысы бойынша одағымыздың 14 төрешілері халықаралық санатын алды.
Сонымен қатар, Азияның ашық чемпионатында Қазақстан биатлоншылар одағы тарапынан спринт және жеке жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталады.