Елішілік турнир 30 тамызға дейін жалғасады. Жарыс бірнеше бағдарлама бойынша өтеді. Бәсеке барысында эстафета, спринт және жекелей сыннан жеңімпаздар анықталмақ. Жүйріктер арасындағы жарыста Сергей Сирик топ жарды. Петр Ермоленко мен Тимур Хамитгатин күміс пен қоланы өзара бөлісті.
Әйелдер арасында Галина Вишневская көш бастаса, Анастасия Кондратьева мен Валентина Сауленко екінші және үшінші орынды иеленді.