Кеше Ақмола облысының Щучинск қаласында «Бурабай ауылшаруашылық техникумы» шағынауданында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болды. Жалын шарпыған аумақ 80 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 20 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.