Щучинскіде ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен орталық өрт депосының тұсаукесері болды

None
ЩУЧИНСК. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Сәрсенбі, шілденің 7-сі күні Щучинскіде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен орталық өрт депосының ашылу салтанаты болды.

Жаңа өрт депосы 5 000 шаршы метр аумақты алып жатыр. Депо дағдарыс орталығымен, психологиялық жүк түсіру бөлмесімен, жылы түтін камерасымен, су резервуарымен жабдықталған. Сонымен қатар, депо аумағында оқу-жаттығу мұнарасы, 180 адамға арналған мінбер, жеке қазандық және тағы да басқа құрылғылар бар.

Осыдан бөлек, қызметкерлер үшін жатын бөлмелері мен 11 пәтерлі тұрғын үй қарастырылған.