Жаңа өрт депосы 5 000 шаршы метр аумақты алып жатыр. Депо дағдарыс орталығымен, психологиялық жүк түсіру бөлмесімен, жылы түтін камерасымен, су резервуарымен жабдықталған. Сонымен қатар, депо аумағында оқу-жаттығу мұнарасы, 180 адамға арналған мінбер, жеке қазандық және тағы да басқа құрылғылар бар.
Осыдан бөлек, қызметкерлер үшін жатын бөлмелері мен 11 пәтерлі тұрғын үй қарастырылған.