СДУ жаңа ректоры тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сүлеймен Демирел университетінің президенті Мейірбек Мәжитов еңбек ұжымына оқу орнының жаңа ректоры Қуаныш Ерғалиевті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаныш АсылханұлыЕрғалиев 2006 жылы Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицинауниверситетін тәмамдаған. 2009 жылы «Болашақ» стипендиясы арқылы АҚШ-тағыТулейн университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алған.

Сонымен бірге, Қ.Ерғалиев Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндебілім алған және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған.

«Қазіргі уақыттаол Harvard Chan Qualitative Research Methods студенттік клубының теңқұрылтайшысы және президенті әрі Бостондағы қазақ диаспорасының мәдени ортасынқалыптастыруға арналған «Мирас» қазақ мәдени орталығының тең құрылтайшысы менпрезиденті», - делінген университет хабарламасында.

Жаңа ректор әржылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және Назарбаев Университетіндебасшылық лауазымдарда қызмет еткен. Денсаулық сақтау саласындағы бірнеше ғылымиеңбектердің авторы.

Соңғы жаңалықтар