ОРАЛ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында сегіз адамға құрметті азамат атағы берілді.
Аудан әкімі Есентай Қалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олардың қатарында осы өңірден түлеп ұшқан, қазір ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқаратын Мирболат Жақыпов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев, бұрын Мәжіліс депутаты болған Амангелді Таспихов пен Қайрат Шалабаев, мәдениет қайраткері Мәди Артығалиев бар. Сондай-ақ бұрын осы ауданды басқарған Замир Сағынов, Нәсіпқали Иманғалиұлы, Мәлік Құлшарға құрметті атақ берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).