Сегіз бала өзенге ағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-15 жас аралығындағы сегіз оқушы Малайзияның Джохор штатындағы Муар өзенінде суға ағып кетті.

Қайғылы оқиға Куала-Лумпурдан 360 шақырым жерде орын алды. Таңертеңгі жүгіру кезінде бір оқушы өзенге құлап кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған жеті бала да ажал құшты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оларды іздеу-құтқару жұмыстарына 130 адам тартылып, барлық мәйіттер судан шығарылды.