Сегіз ел, соның ішінде АҚШ, жаңа серіктестік құрды
21:20, 21 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі БҰҰ отырысында АҚШ президенті Барак Обама «Ашық үкімет» жаңа серіктестігінің құрылуында сөз сөйледі.
Борак Обама форумда сөз сөйлей отырып, ашық қоғамдар, ашық экономикалық жүйелер мен үкіметтер «әлеуметтік өрлеу үшін ең сенімді арқау» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Америка Дауысы.
Серіктестік сегіз ел үкіметтері арасында, соның ішінде: Мексика, Индонезия, Оңтүстік Америка, Филлипин, сондай-ақ оның тең төрағалары АҚШ пен Бразилия арасында құрылды. Барлық мүшелер үкіметтерін әлдеқайда ашық қылып, мемлекеттік басқаруға халықты көптеп қатыстыруды қамтамасыз ету және технологияны қолжетімді етуге ұмтылатындарын бірауыздан мәлімдеді.