Бұл жайында бүгін Астана экономикалық форумы аясында өткен әлемдік экономиканың цифрлық трансформациясына арналған сессияда ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қайрат Балықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылға қарай Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында мұнан да көп елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Бұл шамамен 2 млн тұрғын. Бүгінде олардың кең жолақты интернетке қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ. Біз халықтың 95 проценті цифрлық хабар таратумен қамтылғанын қалаймыз. Өздеріңіз де білетіндей, біз бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішке қол жеткізіп қалармыз», - деді вице-министр.
Сонымен қатар ол халықтың қаржылық сауаттылығы мәселесіне де тоқталып өтті.
«Бүгінде халықтың 74 пайызы цифрлық сауатты екендігін айтқан болатынмын. 2020 жылға қарай бұл көрсетішті 85, ал 2025 жылға қарай 100 процентке жеткізгіміз келеді. Әрине, бұған қоса электрондық қызметтерді пайдаланатын Қазақстанның экономикалық белсенді халқының санын 70 пайызға дейін арттыру мақсатымыз бар», - деді Қайрат Балықбаев.