«Бұған дейінгі дағдарыстардың нәтижесінде банктердің балансында экономикалық айналымнан шығып қалған жұмыс істемейтін активтердің айтарлықтай мөлшері жиналып қалды. Банктік құрылым жұмыс істемейтін активтерді жүзеге асырудың тыңғылықты жобасын әзірлеуі, бұған қоса банк қызметкерлерінің жауапкершілігін бақылау және бағалауы қажет», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәуекелге бағдарланған қадағалау аясында банктердің күйзеліске ұшыраған активтермен жұмысына мониторинг және бақылауды күшейтуі қажет.
«Жұмыс істемейтін активтердің өркениетті нарығын құру жүйелі шешім саналады. Секьюритизация және сақтандырудың қарапайым әрі жұмыс тетігін құру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.