Секен Тұрысбеков бастаған күй майталмандары Қарағандыда өнер көрсетеді
Концертке әйгілі әншілер мен күй орындаушылары қатысады. Олардың қатарында: ҚР еңбек сіңірген әртісі, композитор Секен Тұрысбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, музыкалық сыншы Жарқын Шәкәрім, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық өнер академиясының профессоры Жанғали Жүзбай, танымал күй орындаушылары Күлмара Рахымбекова, Гүлнар Шәріпова, Қайролла Сәдуақасов, Қалкен Қасымов, Мадияр Сүлейменов, Балжан Серікболқызы, Манат Анықбеков және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Қосанова, ҚР Мәдениет қайраткері, Дәуренбек Аркенов, «Тоқырауын толқындары» ән және би халық ансамблі қатысады.
Мүгүлсім Ахметқызы (ел арасында Аққыз есімімен белгілі) - домбырашы және әнші. 1897-ші жылы Балқаш маңындағы Есалы кентінде дүниеге келген. Тәттімбеттің дәстүрін жалғастырып, оның «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Бестөре» күйлерін нақышына келтіріп орындаған. «Қайран елім», «Аққыз», «Қосбасар» күйлерінің авторы. М. Хамзин, А. Әбенова, Ж. Омашев және тағы да басқа орындаушылардың ұстазы болған.