Сексеуіл кентінде жаңа мектептің құрылысы басталды - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сексеуіл кентінде 150 орындық мектептің құрылысы басталды. Со­нымен қатар Аманөткел елді меке­нінен 300 орындық мектептің жоба-сметалық құжаттары дайын­далуда.

Мұнымен бірге аудан орталығынан 3 арендалық үй салынбақшы. Арал қаласының даму жоспарына сәйкес салынатын үйлерге 50 млн. теңгеге электр желісі жүргізіліп, кіші стансы орнатылады. Қала ішінен типтік жобадағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы қарқын алды. «Жол картасы» аясында Сек­сеуіл­дегі №177 орта мектеп пен қаладағы «Мереке» балабақшалары күрделі жөндеуден өтуде.