Сексеуіл кентіндегі мектепте «Ғылым күні» іс-шарасы өткізілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі № 231 орта мектепте «Ғылым күні» іс-шарасы өткізілді,

деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Шара барысында әдістемелік өнімдер көрмесі мен білім сапасын жетілдіру мақсатында конференция ұйымдастырылды. Қатысушылар оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру, мұғалімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындау мақсатында баяндамаларын ұсынды. Нәтижесінде үздік деп танылған еңбектер облыстық байқауға жіберілетін болды.