Табиғи құбылыстың ең елеулі салдары жолдың 152-шақырымында тіркелді. Сел ағыны жол жиегі мен жер төсемінің бір бөлігін топырақ негізіне дейін шайып кеткен. Соның салдарынан жолдың оң жақ жолағының бір бөлігі опырылып, жол төсемі зақымданды.
Табиғи құбылыстың салдарын жоюға ЖПБ-90 және ЖПБ-18 күштері жұмылдырылды. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 18 қызметкер мен 13 бірлік арнайы техника, оның ішінде КамАЗ көліктері мен тиегіштер, фронталды тиегіштер, МТЗ тракторлары және бульдозер тартылды.
Қазіргі уақытта жол қызметтері жүру бөлігін лай-тас шөгінділерінен тазартуда. Сонымен қатар шайылған жер төсемін нығайту және жолдың зақымданған бөлігінің тұрақтылығын қалпына келтіру бойынша кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зақымданған учаске қоршалып, уақытша жол белгілері мен бағыттаушы құрылғылар орнатылды.
Автожол толық жабылған жоқ. Көлік қозғалысы жолдың сақталған жолағы арқылы кезекпен, реверсивті режимде ұйымдастырылған. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Авариялық-қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Учаскедегі жағдай жол қызметтерінің тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, елімізде жолдардың жағдайын ЖИ болжап отыратын болады.