Оның айтуынша, қазір сел тасқыны салдарын жою жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Жағдай қалыпты күйде.
«Сел тасқыны салдарынан жергілікті немесе республикалық маңызға ие жолдар зақымдалған жоқ. Қала тұрғындарынан алаңдамауларын сұраймыз. Қазір оқиға аймағында селдің салдарын жою жұмыстарына қалалық ТЖД, ІІД, «Құтқару қызметі» кәсіпорны, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі және Ұлттық гвардия тарапынан барлығы 1200 адам мен 167 техника жұмылдырылған», - деді Б. Сапарбаев.