Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«21 шілдеде Алматының жедел басқару орталығына Медеу ауданындағы пәтерлердің бірінде жарақаттанған 55 жастағы әйелдің табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Кейін жәбірленуші Селезнов атындағы Алматы хореография училищесінің директоры Қарлығаш Мырзаханова пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, күдікті жәбірленушінің пәтеріне алдау арқылы кіргенен кейін оған пышақ жарақатын салып, пәтерден бағалы заттар алып кеткен. Қазіргі уақытта күдікті ретінде еш жерде жұмыс істемейтін Алматы облысының 28 жастағы тұрғыны анықталып, кеше тұтқынға алынған. Ол қылмысын мойындап та отыр.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған заттар тәркіленді», - деді Н.Ораз.