Селфи адамдарды бақытты қылады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күлімсіреп түсірген селфи көңілді көтереді. Суретті достармен бөліскен тіпті жақсы, деп санайды Калифорния университетінің (АҚШ) ғалымдары.

Олар ерікті студенттердің қатысуымен тәжірибе өткізді. 28 қыз бен 13 жігіт ғалымдарға көмектесуге ниет танытты, деп хабарлады The Siasat Daily.

Олар төрт апта бойы қалыпты жағдайда өмір сүрді - сабаққа барды, үй тапсырмасын орындады, достарымен кездесті. Бұған дейін қатысушылар бірқатар сұраққа жауап берді. Ғалымдар еріктілерге смартфондарына селфи түсіруге және көңіл-күйді жазуға арналған түрлі қосымшаларды жүктеуге көмектесті.   

Росбалт атап өткендей, қатысушыларды үш топқа бөлді. Біріншісінен күлімсіреп селфи жасауды, екіншісін оларды бақытты қылатындардың фотосын түсіруге, үшіншілерден өзге адамға ұнайтын нәрсені түсіруді сұрады.

2900-ға жуық жазбаны сараптай келе, ғалымдар еріктілердің көңіл-күйлері жақсарғанын аңғарды. Зерттеуден кейін  бірінші топтағы қатысушылардың өзіне деген сенімі артты.  Екінші топтағы еріктілер көбірек ойланып, көптеген нәрсені бағалай бастады. Ал үшінші топтағы студенттердің сабыры артты. Сондай-ақ олар достары және туысқандарымен фото алмастыру күйзелісті жоюға көмектескенін атап өтті.