Қайғылы оқиға кеше Қаскелең қаласындағы «Нұрлы тау» демалыс орнында болған.
Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі 9-дан бастап іздеген.
«3 сағаттан соң марқұмның денесі құлаған жерінен қашық жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күннің батуына байланысты біраз уақытқа созылды. Әйелдің денесі су астындағы қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған», - деді РЖҚЖ құтқарушы медбикесі Екатерина Клочко.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен.