Үш жасөспірім бала қатты жылдамдықпен келе жатқан жүрдек пойыздың алдында суретке түспекші болады. Алайда олардың бұл ойы қайғылы жағдаймен аяқталды. 13 жасар Леандро Челия темір жолдан шығып үлгермей, қаза тапты. Оның екі жолдасы кішігірім жарақат алып, тірі қалған.
Балалар медициналық тексерістен кейін Катандзаро қалалық прокуратурасына шақыртылды. Олардың айтуынша, балалар теміржолдан секіруге беттегенде Леандроның бөгеліп қалғаны немесе сүрініп кеткені белгісіз, әйтеуір кеш қалған. Пойыз машинисті балалардың жауабын растаған. Ол шамның жарығында үш баланы көрген. Оның екеуі қашып үлгеріп, ал үшіншісі қалып қойған. Теміржолшының айтуынша, пойыздың жылдамдығы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік бермеген.