'Селтик» есепті теңестіріп кетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының біліктілік турында шотландиялық 'Селтик' 'Астана' командасымен өткізіп жатқан ойында есепті теңестіріп кетті.

Голды 77-минутта Гриффитс салып кетті. Есеп - 1:1.

Еске сала кетейік, алғашқы голды ойынның 17-минутында Юрий Логвиненко салған болатын.