Сэм Солиман: Головкин Гилді бір соққымен сұлатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF нұсқасының орта салмақтағы чемпионы Сэм Солиман аустралиялық боксшы Дэниэл Гил WBA және IBO титулының иегерi Геннадий Головкиндi жеңе алады деп есептейдi.

Айта кетейiк, Гил-Головкин жекпе-жегi 26 шiлдеде Нью-Иоркте өтедi деп жоспарланған.

"Егер Гил шапшаңдығы мен күш-қуатын барынша салса, сол жекпе-жекте жеңiске жетуi бек мүмкiн", - деп келтiредi Fightnews Солиманның сөзiн. - Гил өзiнiң ең жақсы формасындағы тамаша боксер. Бiрақ оған аса сақ болу керек, себебi Головкин бір соққымен Гилді сұлатып тастауы мүмкін". Оның сөзiне қарағанда, Гил жеңілгісі келмесе, үнемі қозғалып тұруы тиіс және Головкиннің жойқын соққыларын өзіне жіберіп алмауы керек. "Менiңше, бұл кездесуде ол Головкинді тек ұпаймен жеңе алады. Дегенмен Гилді Геннадиден осал деуге болмайды, жеңіске жеткізетін қабілеттері жетерлік", - деп атап өттi ол.