Астана қаласы прокурорының атына осы түрік компаниясының бір топ жұмысшыларынан алғыс хат келіп түсті және онда жұмысшылар қала прокуроры мен прокуратура ұжымына олардың жұмыс берушімен арадағы еңбек дауын шешуге атсалысқаны үшін алғысын білдірген.
«Сембол Иншаат» АҚ-да уақытша жұмыс жасаған 60 жұмысшының 15 күндік жалақысын төлемеді. Тек Есіл ауданының прокуроры Манарбек Сәдуов пен аудан прокуратурасы қызметкерлерінің көмегімен қарыз толық өтелді», - деп атап өтілген хатта.
20:19, 26 Қаңтар 2012
«Сембол Иншаат» түрік компаниясы Астана қаласы прокуратурасының араласуынан кейін ғана 60 уақытша қызметкеріне еңбекақыларын төледі
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - «Сембол Иншаат» АҚ Астана қаласы прокуратурасының араласуынан кейін ғана 60 уақытша қызметкерге еңбекақыларын төледі. Бұл туралы қала прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.