Семей-Астана веложорығы салтанатты түрде жабылады

Семей-Астана веложорығы салтанатты түрде жабылады

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнінде Астананың «Бәйтерек» алаңында Семей-Астана веложорығының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

ҚР Тәуелсіздігі мен Семейдегі полигонның жабылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған жорықтың негізгі қатысушылары - норвегиялық Bike For Peace ұйымының мүшелері.

«Бәйтерек» алаңындағы іс-шараға ҚР Парламенті, Үкіметі, Астана қалалық әкімшілігі, азаматтық альянс өкілдері және спорт мектептерінің оқушылары қатысады. Іс-шара барысында норвегиялық велосаяхатшылардың Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне тандем велосипедін сыйлау рәсімі өтеді.