ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің халықпен есептік кездесуінде жас ақын Мерей Қарт Семей әуежайына елге белгілі жерлестеріміздің бірінің есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО әкімінің айтуынша, Семейде Абайдың аты берілген нысандар жетерлік - Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Онымен бірге, «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынып жатыр.
«Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте, жерлесіміз, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аудару жөн сияқты»- деді Даниал Ахметов.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.