СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратының маңдайшасына Абай аты жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әуежай мамандарының хабарлауынша, ғимарат маңдайшасындағы «ABAI» жазуы жуықта орнатылған.
«Енді әуежай ресми түрде «Абай халықаралық әуежайы» ЖШС деп аталады. 2019 жылдың қараша айында ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссия Семей әуежайына Абай атын беру туралы шешім қабылдаған еді», - деп мәлім етті әуежайдың баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейдегі әуежайға Абай аты берілгенін хабарлаған едік.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.