Валерий Дядовтың айтуынша, жоба аясында Биоорталық аумағында агроталшық, күн-су коллекторы орнатылатын болады. Сондай-ақ, мекемеде барлық шамдар ауыстырылып, жылыжайларда фитодиодты шамдар іске қосылады.
Ал Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілі Ермек Мәжітовтің сөзінше, күн-су коллекторы қаржылық шығынды қажет етпейді.
«Биологиялық орталық балалар мен тұрғындар арасында экологиялық мәдениет пен білім беруді белсенді насихаттайды. Сол себепті таңдау осы мекемеге түсті. Күн-су коллекторы - энергияның баламалы көзі. Бұл жабдық мекеме бюджетіне ешқандай жүк түсірмейді. Коллектер энергия жинау арқылы Биоорталықта жыл бойы ыстық су болады», - деді ол.
Тиімді энергия технологияларын енгізуден бөлек, Биоорталық базасында оқыту тренингтері өтеді. Жоба 2020 жылдың қазан айына дейін жалғасады. БҰҰ ҒЭҚ шағын гранттар бағдарламасы аясындағы жобаны Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры жүзеге асырады.