Қала әкімі Бақытжан Байахметовтің мәліметіне сүйенсек, шаһардың шет аймақтарын дамытуға баса назар аударылған. Келесі жылы 16 балалар, спорт және көпфункционалды алаңдар орнату жоспарланып отыр.
«Қайнар ауылын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, ауыл жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұқыр және Мұрат ауылдарына кіретін жолдар жөндеуден өтеді. Абыралы ауылдық округінде балалар ойын алаңы бой көтеріп, Ақбұлақ, Жиенәлі және Новобаженово ауылдарында көше жарығы орнатылады», - деді Бақытжан Байахметов.
Сондай-ақ, Алғабас ауылында бұрынғы интернат ғимараты жөнделмек. Көкентауда сумен жабдықтау жұмыстары, ал Талица және Жарқын ауылдарында көшелерді жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізіледі.