деп хабарлады Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Конкурсқа «Шығыс» аймақтық әскери бөлімі, салық комитеті, Шекара қызметі № 2098 әскери бөлімі мен Семей қалалық Ішкі істер басқармасының командалары қатысты. Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру, мемлекетітк тілде іс жүргізудің сапасын арттыру болып табылады. Конкурс алдында оған қатысушыларға өздерінің тілектерін білдірген Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Құсмиля Нұрқасым елімізде Президент пен Үкіметтің мемлекеттік тілді оқу мен дамытуға үлкен көңіл бөліп жатқандығы туралы айта келіп, қатысушыларға осы іс-шарада жеңіске жетулерін тіледі.
Бес турдан тұратын басекеде байқауға қатысушыларға өздерін таныстыру, мемлекеттік тілде басқару жұмысы мен іс жүргізуге қатысты құжаттарды (қаулы, шешім, бұйрық және т.б.) жүргізу, жұмыс барысындағы талдау, сараптау, баяндама жасау, ресми сөз сөйлеу, оған пікірлер мен ұсыныстар айту, мемлекеттік тілді қолдану мақсатындағы компьютерлік бағдарламаларға қатысты біліктілігі мен жобаларын көрсету, орыс тіліндегі терминдердің қазақша баламасын айту сияқты бірқатар талаптар қойылған. Осыған қарай байқауға қатысқан барлық командалар берілген тапсырманы орындап шықты. Сондай-ақ шара барысында слайдтар көрсетіліп, ән айтылды.
Конкурс соңында қазылар алқасының төрағасы Семей педагогикалық институты филология ғылымының докторы Қинаят Шаяхметов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды жариялады. Бірінші орынды «Шығыс» аймақтық әскери бөлімі, екінші орынды Шекара қызметі № 2098 әскери бөлімі, үшінші орынды Семей қалалық ІІБ командасы алды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен грамоталар тапсырылды.