СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Семей қалалық Полиция басқармасының жаңа бастығы болып Ернар Базаров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарманың жаңа бастығын ұжымға ШҚО Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков таныстырды.
«Ернар Базаровты білікті маман, тәжірибелі басшы деп есептеймін. Ол өзіне жүктелген тапсырмаларды орындай алады. Барша әріптестеріме оған қолдау білдіруді сұраймын», - деді ол.
Ернар Мейрамбекұлы 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жол полициясында түрлі қызметтерді атқарған. Семей қалалық ІІБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
Ал осы уақытқа дейін ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.