СЕМЕЙ. KAZINFORM - Куәгерлер әлеуметтік желілерде жылқының қала орталығындағы жол бойымен жүргені туралы бейне жариялады.
Абай облыстық полиция департаменті қызметкерлері жылқыны тоқтатып, иесін де анықтады.
«35 жастағы жылқы иесі ауылшаруашылық жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды ведомстводан.
Аталған бұзушылық үшін ол үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.