СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы прокурорының орынбасары Ермек Жаксыбаев Семей қаласының жаңа прокурорын таныстырды. Семей қаласының прокуроры лауазымына Уәлиев Азамат Садырбекұлы тағайындалды.
Азамат Уәлиев 1978 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеген.
Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.