Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
ӨСКЕМЕН. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қзақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Семей қалалық мәслихатының мәжілісінде Айбек Мүталапханұлы Кәрімов қаланың жаңа әкімі болып тағайындалды.

Айбек Кәрімов 1959 жылы Ақсуат ауданында туған. Өз еңбек жолын Шар ауданындағы Киров кеңшарында зоотехник болып бастаған ол, әр жылдары Айгөз, Тарбағатай аудандарының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Айбек Мүталапханұлы бұған дейін Шемонаиха ауданының әкімі болған.

Бердібек Сапарбаевтың шешімі бойынша, Семейдің бұрынғы әкімі Мейрамхат Айнабеков облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.