«10 қыркүйекта сағат 13:31-де Восточный правый көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққан. Құтқарушылар келгенге дейін үй тұрғындары пәтерінен өз бетінше шығып кеткен. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келгеннен кейін өрт шыққан пәтердің залында жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақты жалын шарпып, диван өртенді. Құтқарушылар бір әйелді эвакуациялады. Сондай-ақ, сыйымдылығы 27 литр болатын 1 газ баллоны табылды және сыртқа шығарылды», делінген хабарламада.
Қазіргі болжам бойынша, өрт электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.