Жұма күні, 7 маусымда, Семей қаласында ЖЭО-1 аумағында қазандық құрал-жабдығын бөлшектеу жұмысын жүргізу кезінде көмір тиеу бункері үзіліп кетіп, оқиға салдарынан «Алтай энергострой» ЖШС-нің 27 жастағы жұмысшысы оқиға орнында қазаға ұшырады.
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Семей қаласында ЖЭО-1 көмір тиеу бункері үзіліп кетуі салдарынан зақымданған жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.