Аталған жобаның өкілдері әкімге мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында спорттық жарыстар өткізу жөнінде ұсыныспен келіпті. Бұл туралы Семей қаласы әкмінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімі ұсынысты қабыл алып, Семейде алдағы уақытта мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында футбол турнирін өткізуге барынша қолдау жасайтындығын айтты. Осы отырыста алдағы жарыстарды ұйымдастыру мәселесі мен бірқатар сұрақтар талқыланды. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тағы бір спорттық бәсеке жалауы желбірейтін болды.
Қала басшылығы осы жарысқа қатысатын балаларға сый-сияпат жасауда демеушілік танытпақ.