Семей қаласының сәулет бөлімі басшысы пара алды деп айыпталуда

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабарламада.

Ол жерге орналастыру жобасына қол қойғаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. «Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және келу туралы келіп түскен міндеттемеге байланысты қолданылған жоқ. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.